Елімізде киікті ғылыми мақсатта аулауға рұқсат беріледі

Сурет: wikimedia
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның төрт облысында ғылыми мақсатта барлығы 1815 киік аулау жоспарланған.

Киік аулаудың мынандай лимиті әзірленді:

"Киікке арналған барлық лимит тек ғылыми мақсаттар үшін бөлінеді. Ұсынылған ғылыми мақсаттарда алып қою квоталары Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық, Зооноздық инфекциялар институты, ҚР БҒМ Зоология институты және Қазақ ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты үшін кепілдендірілген болып табылады. Қосымша квоталар, оның ішінде басқа ұйымдар үшін облыстар деңгейінде де бөлінген лимиттер шегінде бөлінуі мүмкін," – деп жазылған құжатта.

Құжат 7 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды