Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы қашан іске қосылады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. Бұл жөнінде 26 қаңтар күні ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Алп Ер Тунга Ерсоймен кездесуінде осы мәселе сөз болды.

"Кездесу барысында әуежай басшылығы Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалын салу жөніндегі ірі жобаның іске асырылуы туралы баяндады... Жобаны іске асыру бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда және Мемлекет басшысының бақылауында. Жобаны аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы".Азаматтық авиация комитеті

Жаңа терминалдың құрылысы жолаушылар ағынын айтарлықтай арттыруға, ұшу географиясын кеңейтуге, мегаполистің тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Министр әуежайдағы қызметтер мен сервисті жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және жолаушылардың шағымдарына дереу ден қоюды тапсырды.

Өз кезегінде тараптар Алматы қаласының әуежайын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға келісті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті