Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері қашан ашылуы мүмкін

Сурет: unsplash
Брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі Токиоға рейстерді қалпына келтіру және Нью-Йоркке тікелей рейс ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Жапониядағы елшілігі арқылы жаңа бағыттарды қалпына келтіру немесе ашу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Біз осындай рейстерді қалпына келтіруге мүдделіміз. Өкінішке қара, қазір нақты айта алмаймын, өйткені жапондық тараппен келіссөздер әлі жүргізіліп жатыр. Коронавирус пандемиясына байланысты карантин көптеген елдің жоспарын қайта жаздырды, сондықтан бізге келіссөздер тоқтаған сәттен бастап қайта бастау немесе жалғастыру қажет". Айбек Смадияров

Сондай-ақ ол Нью-Йоркке тікелей рейс ашылуы мүмкін екенін айтты.

"Дипломаттар, әрине, жаңа рейстерді ашу немесе "қатып қалған" рейстерді қалпына келтіру бойынша келіссөздер үдерісіне қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып жатыр. Қазақстандық әуе компанияларының мүмкіндігін немесе құрлықаралық рейстерді орындай алатын тараптың мүмкіндіктерін қарастыру керек. Онда ICAO желісі бойынша бірақ мәселе бар: реттеу, келісу. Ұшу үшін ұшақты алып, рейске қоя салумен іс бітпейді. Біраз келісім қажет.Айбек Смадияров

30 қаңтар күні Азаматтық авиация комитеті Астана мен Бейжің арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма