Серік Жұманғарин бүгінде қант зауыттарын қаржыландыру аяқталғанын атап өтті.
"Жақын арада бастауға дайын боламыз. Әрине, қанттың көп бөлігі құрақ қанты болады, қалай болғанда да өткен жылы көрген қиындықтар болмайды. Ең жоғары баға 460 теңге меморандумдарда белгіленген – бұл бүгінгі күні сөрелерде тұрған баға". Серік Жұманғарин
Ол өткен жылы қазақстандық қант зауыттары құрақтан 306 мың тонна, қант қызылшасынан 50 мың тонна қант өндіргенін айтты.
"Бұл – өте жоғары нәтиже. Бірақ бұған дейін олар 100 мыңнан сәл ғана астам өнім шығарды. Неге? Өйткені олар өндіре бастағанда, құрақ қанттың құны қымбаттаған соң, арзан қант кіріп, зауыттар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды". Серік Жұманғарин
2022 жылдың жазында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығы мен бағасының көтерілуіне байланысты сол кездегі Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.