Қазақстан балалары құқығы бұзылған жағдайда БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтының жазуынша, Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсанда қабылдаған және 2012 жылғы 28 ақпанда қол қою үшін ашылған осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған 53-мемлекет болды.


Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі


Құжат БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бала құқықтары саласындағы 18 тәуелсіз сарапшылар тобы) БҰҰ-ның бала құқықтары бойынша үш негізгі құжаттарымен (Бала құқықтары туралы конвенция және оның екі Факультативтік хаттамалары – балаларды қарулы қақтығыстарға тарту және балаларды сату, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы) көзделген бала құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қабылдау және қарау өкілеттігін береді.

"3-факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды".ҚР Сыртқы істер министрлігі

Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.


Қазақстан
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді