Құжатта 2019 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында бірқарат шаралар қабылданатыны айтылған.
Ол шаралар мыналарды қамтиды:
- жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық басшыларын тасымалдағыш зымыранның алдағы ұшырылуы туралы құлақтандыру;
- тасымалдағыш зымыранды ұшыру алдында құлау ауданын шолып байқау және тасымалдағыш зымыранды ұшыруды жүргізу кезеңінде құлау ауданын уақытша жабу;
- тасымалдағыш зымыранды ұшыру жүзеге асырылған соң тұрғындарды (бар болса) құлау ауданынан эвакуациялау және оларды қайтару;
- тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің фрагменттерін іздестіру;
- табылған сұйықтықты зымыран қозғалтқыштарын (немесе олардың фрагменттерін) және тасымалдағыш зымыраннан бөлінетін бөліктерінен құрамында бағалы металдары бар бұйымдарды (немесе олардың фрагменттерін) ұшыруды жүргізетін ұйымға қайтару;
- жануарлар дүниесіне және өсімдік жабынына әсерді төмендету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормативтерін сақтау;
- тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктері жерге түскен кезде өрт туындаған жағдайда дала өрттерін барынша тез жою;
- тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің фрагменттерінен құлау ауданын уақтылы тазалау (бөлінетін бөліктер сорға құлаған кезде оларды құлау ауданынан қысқы кезеңде эвакуациялауға жол беріледі);
- тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктері құлаған жерлерде ластанған учаскелерді детоксикациялау (қажет болған кезде) және бұзылған топырақ жабынын техникалық рекультивациялау (тегістеу);
- "Байқоңыр" ғарыш айлағының позициялық ауданы қоршаған ортасының жай-күйіне тасымалдағыш зымырандарды дайындау және ұшыру әсерін бағалау;
- құлау ауданында және шектес аумақта орналасқан елді мекендердің қоршаған ортасының жай-күйіне тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлау әсерін бағалау;
- құлау ауданында және шектес аумақта флора мен фаунаның жай-күйін жыл сайынғы мониторингтеу;
- бес жылда бір рет немесе құлау ауданын пайдалану мерзімі аяқталған соң құлау ауданы мен шектес аумақтың қоршаған ортасының жай-күйіне тасымалдағыш зымырандарды ұшырудың әсерін кешенді бағалау.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.