Алтай Көлгінов журналистер қауымының наразылығын тудырған "Масс-медиа туралы" жаңа заң жобасы жөнінде үкімет отырысының кулуарында пікір білдірді.
"Мен әлі егжей-тегжейлі оқымадым. Қазір қандай сұрақтар қойып жатқаныңызды білемін. Біз бұл сұрақтардың бәрін министрлікке жеткіземіз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сіздермен әлі көп рет талқылайды. Парламентте де бірнеше рет талқыланып, соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Ол әлі де шикі. Сондықтан бізге барлық тілек, проблема, сұрақтар қажет - сол үшін де алаңдарда талқылауымыз керек". Алтай Көлгінов
Журналистер Алтай Көлгіновтен өзі оқымаған заң жобасына қалай пікір білдіретінін сұрады.
"Жоқ, контексттен жұлып алмауыңызды өтінемін. Заң жобасы әлі талқылау кезеңінде. Сіздер келіспейтін мәселелерге келсек, ол бірнеше тармақтан хабарым бар. Мен оны әлі толық оқып шыққан жоқпын. Бұл заң жобасы әлі қабылданған жоқ, ол әлі талқыланып жатыр. Біз де танысу сатысындамыз. ВАК баяғыда өткен. Мен онымен жалпы таныспын, бірақ қазір сіз сұрап отырған мәселелерді министрлікпен қайта талқылаймыз".Алтай Көлгінов
Сондай-ақ оған "Бұл құжат Конституцияға қайшы келеді деп ойламайсыз ба?" деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Вице-премьер нақты жауап бермеді.
"Қазір мақұлдай алмаймыз. Әлі қабылданған жоқ. Бұл әлі жоба. Қазір мен қандай да бір тарапты қолдаймын деп айта алмаймын. Оны тағы да көп рет талқылау керек. Сондықтан да ол түрлі деңгейде талқылауға арналған заңның жобасы ғана, әсіресе журналистер қауымдастығымен". Алтай Көлгінов
"Масс-медиа туралы" заң жобасының тұжырымдамасы «Ашық НҚА» порталында 2 ақпан күні жарияланды. Бұл құжат журналистер тарапынан сынға ұшырады. Оны 22 ақпанға дейін талқылауға болады.