Смайылов КҚК құбыр желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселесін талқылады

Сурет: Facebook/cpcpipe
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен КҚК бас директоры Николай Горбань Каспий Құбыр консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов КҚК Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратындықтан, оның тұрақты жұмысы Үкіметтің ұдайы назарында екенін атап өтті.

"Өткен жылы теңіз терминалында айлақ құрылғыларының бұзылуына байланысты КҚК қызметінде шектеулер орын алды. Жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, бүгінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажет". Әлихан Смайылов

Үкімет басшысының пікірінше, құбырдың өткізу қабілетін арттыру – маңызды мәселе, бұл Қазақстаннан мұнайдың қосымша көлемін тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Николай Горбань КҚК мұнай құбырының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және қолданыстағы жабдықтардың сенімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар іске асырылатынын атап өтті. Сонымен қатар Тар жерлерді жою бағдарламасын табысты іске асыру нәтижесінде 2022 жылдың соңында құбыр жүйесінің өткізу қабілеті Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға мүмкіндік берді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі барлық мәселелерді одан әрі пысықтауға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты