Қазақстанда түрік құрылыс компанияларының жұмысы тексеріледі ме - Роман Склярдың жауабы

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін түрік құрылыс компаниялары салған нысандар сапасы өзге елдерде тексеріле бастаған. Осыған байланысты қазақстандықтар да өз қызығушылығын білдіріп, "біздегі құрылыс нысандары тексеріледі ме" деген сауалды ортаға тастауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-премьер Роман Скляр журналистердің осы негіздегі сауалына жауап берді. "Жақын күндері осы сипатта тексеру жүргізу жоспарланған ба" деген сауал тасталды. 

"Менің білуімде, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ". Роман Скляр


2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркияда 7,7 балдық жер сілкінісі орын алды.

8 ақпанда таңертең Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар, Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің екі тобы аттанды.

16 ақпанда Қазақстан мен Қырғызстан Түркияда зардап шеккендерге көмек ретінде 84 киіз үй жеткізгені белгілі болды.

Түркия
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін