Соттан тыс банкроттыққа арыз бергенде борышкердің қаржылық жағдайы есепке алына ма

Сурет: freepik
Соттан тыс банкроттыққа арыз бергенде борышкердің қаржылық жағдайы есепке алынбайды, заңнамада ондай талап жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" заңды түсіндіруге арналған онлайн конференция кезінде қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойылды. 

"Мәселен, борышкер 500.000 айлық алады, ай сайынғы қарызы 100.000 теңге, бірақ ол барлық параметр жағынан соттан тыс банкроттыққа келіп тұрса, соттан тыс банкроттыққа арыз бергенде борышкердің қаржылық кірісі мен отбасына жұмсалатын шығындары есепке алына ма?", – делінген қаржы вице-министріне жолданған сұрақта.

Сұраққа жауап берген вице-министр қазіргі таңда борышкердің табысына, отбасына мүшелеріне байланысты талаптар жоқ екенін айтты. Ондай талаптар алынып тасталған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады