Оқу-ағарту министрі оқушыларға шабуыл жасалған Петропавлдағы мектепке әлі бармаған

Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға шабуыл жасалған Петропавлдағы мектепке әлі өзі бармағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Ғани Бейсембаевтан Оқу-ағарту министрлігі Петропавл мектебіндегі балтамен шабуылдаушыны залалсыздандырған оқушыларға неге шоколад беруден басқа назар аудармағанын сұрады.

"Сұрағыңыз орынды. Жұмыс жоспарымда міндетті түрде Петропавлға сапарым жоспарланған. Шоколадтан бөлек, ерекше көңіл бөлу керек. Мұның бәрі менің жоспарымда. 8 наурыздан кейін кездескенімізді міндетті түрде хабарлаймын. Тек балалармен кездесіп қана қоймай, олардың ата-аналарына да тәрбиесі үшін алғыс айтқым келеді. Ал балаларға оларға қажет болатын затты беру керек деп ойлаймын." Ғани Бейсембаев

Министрдің неліктен Петропавлдағы мектепке әлі бармағанын сұрағанда, ол белгілі бір жағдай болса ол жерге Төтенше жағдайлар министрі баратынын және өзі Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысқанын айтып, түсіндірді.

13 ақпан күні Петропавл мектебінде төтенше жағдай болды: 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкелді. Соның салдарынан үш бала зардап шекті. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.

Кейін бала 15 жаста екені, ол депрессия диагнозымен психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Оқушы 2022 жылдың қараша айынан бастап қаладағы №4 орта мектепте оқи бастаған. Оқу ісі меңгерушісінің айтуынша, 9-сынып оқушысы мүмкіндігінше оқыған, өзін сабырлы ұстаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды