Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы 2009 жылғы 3 қазанда жасалған Түркiтiлдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімімен құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Мүшелері ретінде Түркі инвестициялық қорын құру туралы уағдаласты.
Құжатқа берілген түсіндірме хатта айтылғандай, жобаны қабылдау үшін республикалық бюджеттен жалпы сомасы 100 млн доллар қажет.
Түркі инвестициялық қорын құру өзара мүдделі салалардағы даму жобаларын қолдауда цифрлық инфрақұрылым, өнеркәсіптік өндіріс, инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасыл экономика, туризмді қоса алғанда, өңірішілік сауданы дамытуға, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға, көліктік-логистикалық тізбектерді, сақтау және өндірістік қуаттарды кеңейтуге қолдау көрсетуге, физикалық және өндірістік қорларды құруға және жаңғыртуға ықпал ететіні жазылған.
Құжат 29 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.