Қазақстан жастарының 43,7%-ы ауылда тұрады

Сурет: АЖҚДМ
Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына" қатысты айтылған ескертулер мен ұсыныс-пікірлер ескеріліп, қайта пысықталғанын мәлімдеді. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сонымен қатар кәсіп арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Кәсіби бағдарлау жүргізіледі.

"Шаралар аясында 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауатын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген", - деді Дархан Қыдырәлі.

Ал "Жастар әлеуеті және кәсіпкерлік" бағыты бойынша жұмысқа уақытша орналаспаған жастардың пайызын төмендету мақсатында еріктілер жобалары іске асырылады. Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі