Қазақстан күнтізбесіне Аналар күні мен Әкелер күні енгізіледі

Сурет: Zakon.kz
Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, тізімге екі жаңа мереке енгізіледі:

Түсіндірме құжатта Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне "Аналар күні" мен "Әкелер күні" мерекелерін енгізу Қазақстан Республикасында отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ететіні жазылған.

2022 жылғы 14 желтоқсанда өткен "Отбасы – Ұлт тірегі" VII Республикалық әкелер форумында БҰҰ құрылымдарымен (ЮНФПА, ЮНЕСКО), орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ҚХА жанындағы Аналар кеңесімен және "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігімен алдын-ала келісім бойынша мерекелеу мерзімін халықаралық бекітілген күндерге сәйкес "Аналар күні" мерекесін мамыр айының екінші жексенбісінде, "Әкелер күні" мерекесін маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өту ұсынылады.

Құжат 5 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды