Үкіметте ірі халықаралық инвесторларды тарту жоспары талқыланды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" қоры және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы басшыларының қатысуымен Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ірі халықаралық инвесторларды тарту, жаңа энергия өндіруші қуаттарды (жылу, электр энергиясы) іске қосу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету шараларын қарастырды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, I тоқсанда бензин, дизель отыны және сұйытылған газ өндірісі бекітілген жоспардан асып түсті. Атап айтқанда, дизель отынының қоры 1 қаңтардан 1 наурызға дейін 241 мың тоннадан 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Қазіргі уақытта жанар-жағармай материалдары бірінші кезекте егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, содан кейін жанармай құю станциялары мен әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарға жіберіледі.

Оған қоса, кейбір өңірде тұтыну деңгейінің өте жоғары болуына байланысты отын жетіспей жатады. Осыған байланысты Энергетика министрлігі қажетті қорды толықтыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Бұдан басқа орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада отын өндіру мен тұтыну балансын ескере отырып, газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды