Мәжілісте қазақша "сөйлеген" Платонов желіде "талқыға түсті"

Сурет: zakon.kz
Солай солай үйренеді.

Көбіне қабағы қатулы жүретін депутат Артур Платонов Мәжіліс отырысында сауалын қазақша оқып беріп, әлеуметтік желілердің назарына ілікті, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде біреулер бұл депутаттың қазақшаға онша тілі келмесе де, тырысып баққанының өзін жоғары бағалап жатыр.

"Кеудесіне тағы бір медаль тағып жіберейік", – дейді.

Дегенмен қазақша сөйлеу мен қазақшаны қағаздан оқи салу деген екі бөлек ұғым еді. Алматыда туып-өскен адамның қазақ тіліне құлағы үйренбеген дегенге сену қиын. Депутаттың бұл қазақшасы қазақтың сөздерін өмірінде бірінші рет оқып отырғандай әсер қалдырды.

"Бұл кісіні бұрын сыйлаушы едім, кейін оның да билікті жағалап жүрген көп әртістің бірі екенін біліп қойдым",, дейді коммент жазғандардың бірі.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз