Астрологтар қыз-келіншектер арасында махаббатты байлыққа оңай айырбастайтын төрт жұлдыз белгісін атады, деп хабарлайды zakon.kz.
5-tv.ru сайтында астрологтар келтірген пайым бойынша, төрт жұлдызнама иесі - торпақ, егіздер, шаян және суқұйғыш өкілдері кедей адаммен қарым-қатынас құра алмайды.
Торпақ
Астрологтардың пайымдауынша, осы белгіде дүниеде келген қыз-келіншектерге ақ Porsche мінген ханзадасы кездессе, Торпақ ару соған бүкіл барын-нарын беріп, кедей сүйіктісін еш ойланбастан тастап кете береді. Торпақ жұлдызындаға әйелге кінә артпаңыз, өйткені ол кедейліктен шаршаған. Жұбайын тастап кетсе, демек ол онсыз өмір сүре алады. Ал, өзі дизайнерлік көйлек киіп, мен деген жігітпен қымбат мейрамханаларға барудан бас тартпайды.
Егіздер
Егіздер жұлдызында туған әйел бай-патшамен немесе араб шейхымен кездесуді армандайды. Жұлдызнамашылардың айтуынша, оның арманы орындалса, ол бәрін (күйеуі, туыстары, міндеттемелері туралы) ұмытып, бай жігіттің құшағына енеді. Бірақ бұл қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Әдетте, ханзадалар жеңіл жүрісті ханымдарды қолғап сияқты жиі ауыстырады.
Шаян
Бұл зодиак белгісінің өкілі молшылық пен байлықта өмір сүру үшін жаралған. Шаян әйелдің ойынша, бұрынғы күйеуі кедей болғаны әрі керек-жарағын алып бере алмағаны үшін кінәлі. Ол ескірген коммуналдық пәтерге қайта оралғысы келмейді. Тек оның жаңа жұбы ақшаны көбейте білетін жан болуы керек. Әйтпегенде, Шаян жұлдызында туған әйел күндердің күні ақшасы көбірек жігітпен қашып кетеді.
Суқұйғыш
Суқұйғыш әйелдің айтуынша, бір бөлмелі пәтерде төсек құрттары бар. Одан да үлкен қала маңындағы үш қабатты коттедж, бассейні бар ер азаматпен қарым-қатынас орнатқан ұтымдырақ. Астрологтардың айтуынша, осы белгіде туғандарды күйеуі орташа жалақысымен қанағаттандыра алмайды. Ондай азаматты суқұйғыш әйел еш ойланбастан тастап кетеді. Осы жұлдыз иесінің байлықты қатты армандайтыны сонша, ер азаматтың бой-сымбатына мүлде назар аудармауға бекінген. Ал, егер мұрны қисық, бір аяғы екіншісінен қысқа болса ше? Түк етпейді. Бастысы, ол жомарт әрі әмияны ақшаға толы болса, болғаны.