Жаңалықтар тізбегі
0

Жерлесіміз авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО арнайы тобының вице-төрағасы болды

ИКАО, Азаматтық авиация, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 12:09 Сурет: Telegram/caa_kaz
Париждегі (Франция) ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының кеңсесінде 1-4 қараша аралығында ИКАО аймақтық бюросы ұйымдастырған Еуропа және Солтүстік Атлантика (ENAVSECG/10) арнайы авиациялық қауіпсіздік тобының оныншы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, кеңестің бірінші күні авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жаңа төрағасы мен оның орынбасарлары – ENAVSECG/10 сайлауы өтті. Дауыс беруге Париждегі ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросына (EUR/NAT) мүше мемлекеттер қатысты.

Дауыс беру нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың – ENAVSECG/10 вице-төрағаларының бірі болып Қазақстан Республикасынан кандидат, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары Еспотанов Дархан Инкарбекұлы сайланды. Төраға болып Франциядан кандидат, екінші вице-төраға болып Латвиядан кандидат сайланды. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Комитет өкілдерінің сөзінше, бұл лауазымға біздің мемлекетіміздің өкілін сайлау Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін арттыруға ықпал етеді және Орталық Азия өңірінде көшбасшы ретінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы позицияны нығайтады.

Төрағаның және вице-төрағалардың негізгі функциялары авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жыл сайынғы кеңесін ұйымдастыру, авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өңір елдері арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимыл тобының алаңында қамтамасыз ету, ИКАО-ның 17-ші қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасын жаңарту жөніндегі ұсынысты қарау және мақұлдау, авиациялық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған есептерді жасау және жаңа бастамаларды әзірлеу, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік бойынша басқа мәселелер.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО деген сөз ағылшынша ICAO — International Civil Aviation Organization) – қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын белгілейтін және оның дамуын үйлестіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: