Талғат Ластаев жаңа қызметке ие болды
Мұндай шешім Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық аймақтық кеңсесінің (EUR/NAT) штаб-пәтерінде өткен ИКАО аймағы азаматтық авиациясының бас директорларының конференциясында қабылданды.
"Осы конференцияның төрағасы болып Португалия Ұлттық азаматтық авиация агенттігінің басшысы Таня Кардозо сайланды. Қазақстан Республикасының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ИКАО стандарттарын енгізудегі ілгерілеуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық азаматтық авиация агенттігінің басшысы делегация – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев ИКАО Еуропалық өңірінің 45 елі арасынан конференция төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.Израиль авиациялық билік органдарының бас директоры – Конференция төрағасының екінші орынбасары болып Шуел Закай сайланды". ҚГА баспасөз қызметі
Талғат Ластаев 1980 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Тарих, халықаралық қатынастар және құқық факультеті (1997-2001), "Халықаралық экономика", "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік дипломмен; сол университетте экономика мамандығы бойынша магистратура және аспирантура, мамандығы – "Мемлекеттік секторды басқару"; Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының "Саясаттану" мамандығы бойынша Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі. Дьюк университетінің (АҚШ) Сансфорд мемлекеттік саясат мектебінде "Қоғамдық саясат және менеджмент" бағдарламасы бойынша саясаттану магистрі дәрежесін алды. Сондай-ақ Ұлттық авиация университетінде (Киев, Украина) көлік инженері мамандығы бойынша "Әуе көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша оқыды.
Еңбек жолын 2000 жылы "Қазагропромбанк" ААҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының несие менеджері болып бастаған. Осы жылдар ішінде "Қостанай птица" ААҚ (2002-2007), "Черемшан құс фабрикасы плюс" ЖШС (2007-2008), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде (2008-2009) басшылық қызметтерде болды.
2009 жылдың маусымынан 2017 жылдың маусымына дейін Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болды. 2017 жылдың маусымынан бастап ОАА төрағасы.