ҚР ТЖМ Түркияға зілзала салдарын жоюға аттанған құтқарушылар жайлы мәліметпен бөлісті

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ Түркияда зілзала салдарын жоюға аттанған құтқарушылар туралы жеке мәліметтермен әлі де бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмерденов Жанат Болатұлы – бас құтқарушы


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


ТЖМ қатарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ол оннан астам адамның өмірін құтқарды. 

Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Кендібаев Руслан Серікұлы - бас құтқарушы


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Киімбаев Айдын Темірбекұлы - құтқарушы


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында құтқару бөлімшесі жұмыс істейді.

Бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Нұғманов Әлібек Алдабергенұлы - бас құтқарушы


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Нұрғалиев Ұлан Қайратұлы - бас құтқарушы


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Төлегенов Кенжеболат Жамсанұлы - бас құтқарушы


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


2015 жылдан бастап ТЖМ қатарында жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Таңлашев Талғат Алпысұлы - бас құтқарушы-кинолог


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Еңбек жолын 2005 жылы Республикалық құтқару жасағында құтқарушы болып бастаған. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінде құтқарушы болып жұмыс істейді.

Қызмет барысында су айдындарында және таулы жерлерде түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты