Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

Жем өзені, Атырау облысы, Қанат Бозымбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 17:40 Сурет: primeminister.kz
Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев өңір басшысымен бірге Құлсарыдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су бекеттеріндегі мәлімет бойынша, Жем өзенінде су деңгейі төмендеген, Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын су басқан. Вице-премьер қорғаныс құрылыстары мен үйінді бөгеттерді аралап, тексерді. Сонымен қатар Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты, сондай-ақ апат салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритімін түсіндірді, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қанат Бозымбаев, Жем өзені, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 17:40

Сурет: primeminister.kz

Мыңдаған қазақстандық Құлсары тұрғындарының қайғысына үн қосты. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде бірнеше ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтыну тауарлары жиналды.

Қанат Бозымбаев гуманитарлық көмек беру барысында ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: