Жаңалықтар тізбегі
0

Тауарды анық және шынайы таңбалау не үшін маңызды

Анық әрі шынайы таңбалау – тұтынушылар қауіпсіздігінің кепілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 16:34 Сурет: freepik
Азық-түлік өнімдерін таңбалау тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Көптеген басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да заңнама қаптамадағы ақпараттың анық, оқуға оңай және шынайы болуын талап етеді.

Бұл ақпараттардың контрастылы фонда оқылатын шрифтпен жазылуы қажеттігін, өнімнің құрамы, жасалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және басқа да қажетті мәліметтер туралы нақты ақпараттарды қамтуы қажеттігін білдіреді. Мұндай талаптар тұтынушылардың нені сатып алып, тұтынғалы жатқанын тез және оңай түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Анық және шынайы таңбалау не үшін маңызды?

Тұтынушылардың нені сатып алып жатқанын білуге ​​құқы бар. Анық әрі түсінікті таңбалау адамдардың, әсіресе, тағамға қатысты дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. Қаптамада барлық қажетті ақпараттардың болуы мерзімі өтіп кеткен немесе қауіпті өнімдерді тұтынудың алдын алады. Бұл, әсіресе, тағамға аллергиясы, созылмалы аурулары бар немесе ерекше диетаны қажет ететін адамдар үшін маңызды. Мысалы, қаптамада аллергендердің немесе генетикалық түрлендірілген ағзалардың (ГМО) болуын көрсету тұтынушыларға сатып алуға қатысты негізгі шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысында таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасы, сондай-ақ сатушылары (өндірушілері) жайында ақпараттарды алуда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында жасырын сатып алушы әдісімен "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі ШҚО дүкендерінің бірінен кофе мен шайға арналған, көлемі 250 гр. құрғақ кілегейді сатып алды. 

Анық әрі шынайы таңбалау – тұтынушылар қауіпсіздігінің кепілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 16:34

Сурет: Жанна Биятан

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚСЭК) Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөліміне өнімге кешенді зерттеу жүргізу үшін ұсынылды.

"Тағамдық өнімдердің таңбалануы бойынша қауіпсіздігі" (https://adilet.zan.kz/rus/docs/H11T0000881) КО ТР 022/2011 сәйкестігіне зерттеу жүргізу кезінде келесі мынадай бұзушылықтар анықталды:

1. Азық-түлік өнімдері партиясының нөмірі көрсетілмеген;

2. Таңбалау оңай оқылатын өлшемдерге сәйкес келмейді, яғни, жазуларды, белгілерін оқу мүмкін емес, олар таңбалау қолданылатын фонға контрастылы емес;

3. КО мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі жоқ;

4. Мемлекеттік тілдегі ақпарат толық қамтамасыз етілмеген.

"Егер таңбалау түсініксіз немесе шет тілінде болмаса ресми тілге аударылмаса, бұл тұтынушыларды жаңылыстырып, өнім олардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Шрифт пен фон арасындағы контрастылықтың жеткіліксіздігі немесе тым ұсақ шрифтті қолдану – адам денсаулығы үшін маңызды ақпаратты оқи алмауға соқтырады. Ал бұл да өз кезегінде тұтынушы құқығын бұзу болып табылады", - дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Сондай-ақ, сарапшы таңбалау талаптарын сақтамаудың соңы ауыр зардаптарға әкелетінін де қосты. Тұтынушылар өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамауы мүмкін, бұл улануға немесе денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді тудырары хақ. Өнімнің құрамы жайында нақты ақпараттың болмауынан, егер адам құрамында әлеуетті аллергендер бар екенін білмесе, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, өнім туралы толық емес немесе сенімсіз ақпарат тұтынушы күтпеген немесе қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін өнімді сатып алуына жол ашады.

Сатушылар мен өндірушілердің жауапкершілігі

Қазақстан Республикасының заңнамасы өнімді таңбалау мәселелерін қатаң түрде реттейді. Осы талаптарды бұзған сатушылар мен өндірушілер заң алдында жауап береді. Қажетті ақпараттың болмауы немесе оның заң талаптарына сәйкес келмеуі үшін айыппұлдар және басқа да әкімшілік шаралар қарастырылады. Айыппұл бұзушылықтың ауқымына қарай өзгереді және өнімді өндірумен және өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға да салынуы мүмкін.

Айыппұлдардан бөлек, өнімдерді айналымнан алып тастау немесе тіпті бизнесті жабу сияқты неғұрлым ауыр санкциялардың да болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, егер бұзушылық тұтынушының денсаулығына ықтимал қауіп төндірген жағдайда қолданылуы мүмкін.

"Қазіргі қоғамда азық-түлікті таңбалау жай ғана формальдылық емес, тұтынушылар құқығын қорғаудың маңызды элементі болып табылады. Әрбір сатып алушы сатып алынатын өнім туралы барлық қажетті ақпаратты оңай ала алуы керек. Қаптамадағы анық, контрастылы және сенімді жапсырмалар тұтынушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі болып табылады. Сатушылар мен өндірушілер өз кезегінде өнімдерді адал және қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз ету үшін барлық ережелер мен нормаларды сақтауға міндетті", - деді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шараларды қолдану үшін зерттеу материалдары мен оның нәтижелері тиісті органдарға жіберілетін болады. 

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны:

8 705 422 27 39,  Instagram.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: