Жаңалықтар тізбегі
0

Шоколадты жұмыртқа: Павлодар сөрелерінде қауіпті тәттілер анықталды

тәтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 14:22 Сурет: freepik
Жарқыраған орағыштағы тәттілер әлемі оның дәмінің де сондай керемет екеніне сендіруге тырысып, көпшіліктің назарын аударып жатады. Ал оның сапасы мен қауіпсіздігі әркез бірінші орында бола бермейтіні тағы рас.

Кәсіпкерлер де балалардың тәттіге деген сүйіспеншілігінен пайда тауып қалуға тырысуда, бірақ олар мұндай өнімдердің денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін ескере бермейді. Ал өнімнің таңбалауы мен қауіпсіздігіндегі елеулі сәйкессіздіктер орын алған мына соңғы оқиға біздің дабыл қағуымызға түрткі болды.

Жарияланбаған қауіпті ләззат

2024 жылдың шілде айында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі ("MOТҚҚҚ") Павлодар қаласындағы супермаркеттердің бірінен Түркияда өндірілген "YoYo EGG" деп аталатын өнімді сатып алды. Шоколадты жұмыртқаның жарқыраған әдемі қаптамасы мен тартымды түріне қарамастан, сараптама көптеген сәйкессіздіктерді анықтады.

киндер, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 14:22

Сурет: Жанна Биятан

Өнім жасалған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ ҚСЭК) Павлодар облысы бойынша ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына берілді Мақсаты – өнімнің Қазақстан Республикасы қауіпсіздік заңнамасы талаптарына, яғни Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты"  022/2011 және "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу. 2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РО-24-03468/221 зерттеу хаттамасында келесідегідей сәйкессіздіктер анықталды:

1. Жарамдылық мерзімі өткен өнім: Өнімнің жарамдылық мерзімі 2023 жылдың қыркүйегінде аяқталған, бұл оны тұтыну қауіпті дегенді білдіреді. Мұндай өнімдерді тұтыну тағамдық уланудың жоғары қаупіне ие: ас қорытудың бұзылуынан бас айналуға, улануға және дененің қызуы мен диареяға дейінгі ауруларға әкеледі. Кейде улану өліммен аяқталуы мүмкін.

2. Қаптамада ақпараттың болмауы: қаптамада өнімнің атауы, тағам өнімдерінің құрамы, саны, сақтау шарттары, тағамдық құндылық көрсеткіштері, тамақ өнімдерін пайдалану бойынша ұсынымдар немесе шектеулер сияқты негізгі ақпараттардың болмауы. өнім, өндірушінің атауы және орналасқан жері…. Бұл сәйкестендіруді қиындатып, тұтынушылардың, әсіресе аллергиясы немесе арнайы диетасы бар адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін ықтимал тәуекелдерді жасыруы мүмкін.

3. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалаудың болмауы: Қаптамадағы барлық ақпарат тек шет тілінде жазылған, бұл Кеден одағының КО ТР 022/2011 Техникалық регламентінің және Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзады "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңының талаптарын бұзады Бұл тұтынушыларға ақпараттың қолжетімділігін шектейді. 

"МОТҚҚҚ" ҚБ аталмыш өнім бойынша барлық материалдарды Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы аясында тиісті шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберді.

Сатушыларға қандай шара қолданылады

Егер тауарды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталса, бірақ сатып алушының денсаулығына зиян келтіру белгілері болмаса, сатушыға 30 АЕК-тен (110 760 теңге) 1 600 АЕК-ке (5 907 200 теңге) дейінгі айыппұл салынады.

Кеден одағының 021/2011 техникалық регламентінің 40-бабы1-тармағына сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттердің техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдауға, сондай-ақ оларды айналымнан алып тастауға міндетті.

Тұтынушыларға қамқорлық: сарапшылардың пікірі

"Балаларға арналған тәттілер туралы сөз болғанда, әсіресе, қаптаманың тартымдылығын ғана емес, құрамын да тексеру керек. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер және қажетті ақпараттың болмауы зардабы зор қауіпті төндіруі мүмкін, өйткені мерзімі өткен өнімдер тұтынушылардың денсаулығына елеулі түрде әсер етеді. Бұзылған тағамнан улану – уақытша жайсыздыққа, денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін. Балаларымыздың денсаулығын сақтау үшін біз, үлкендер мұқияттылық танытып, өндірушілер мен кәсіпкерлерден өнімдер туралы толық ақпаратты талап етуіміз керек. Мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату дүкеннің беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, қаржылық шығындар мен айыппұлдарға да әкелуі мүмкін" деп ескертті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Әлия Әлибекова.

Тұтынушыларға арналған ұсыныстар

1. Қаптаманы тексеріңіз: қаптамада барлық қажетті ақпарат, соның ішінде жарамдылық мерзімі, құрамы және сақтау шарттары бар екеніне көз жеткізіңіз.

2. Мерзімі өткен өнімдерді сатып алмаңыз: мұндай өнімдерді тұтыну денсаулыққа елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін.

3. Ақпараттың мемлекеттік тілде болуын талап ету: Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық өнімдерде орыс және қазақ тілдерінде ақпарат болуы керек.

Біз жағдайды қадағалап, әрі қарайғы әрекеттер туралы хабардар етеміз.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: