Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшы балаларға қандай ойыншықтар зиян тигізетінін айтты

Сарапшы балаларға қандай ойыншықтар зиян тигізетінін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 13:25 Сурет: Жанна Биятан
Қызылорда дүкендерінің бірінен сатып алынған "Жануарлар әлемі" ойыншығын "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшылары зертханаға жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"МОТҚҚҚ" ҚБ мамандары ойыншықтар балалардың логикалық ой-өрісін дамытуға, тапқырлыққа, танымдық қабылдауын арттыруға, дағдыландыруға, табиғатты қорғауға үйрететіндігін атап өтті.

"Бұл ойыншық балалар арасында зор сұранысқа ие болғандықтан, біз мұның шынында қандай ойыншық екеніне зерттеу жасап көргіміз келді", – дейді тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының сарапшысы Жанна Биятан.

Балалардың "сүйіктілері" Қызылорда қаласындағы дүкендердің бірінен сатылып алынып, сапасын тексеру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханасына жол тартты.

Қытай елінде өндірілген "Animal World" ("Жануарлар әлемі") ойыншығы Кеден одағының "Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы" 008/2011 техникалық регламентінің сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізуге өткізілді.

Сарапшы балаларға қандай ойыншықтар зиян тигізетінін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 13:25

Сурет: Жанна Биятан

02.07.2024 ж. № 1240011002884095 (зерттеу 28.06-2024 ж.-01.07.2024 ж. аралығында жүргізілді) және 04.07.2024 ж. № 37/1240001062883778 полиметрлік және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамасына сай, мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

  • жарамдылық мерзімі көрсетілмеген.
  • өндірілген мерзімі көрсетілмеген;
  • партия нөмірі көрсетілмеген;
  • Физикалық және механикалық қасиеттері бойынша, ойыншықтың сырты кедір-бұдырлы және үшкір тұстары бар.

Сарапшы Жанна Биятан үшкір жерлері мен жарықтары бар ойыншықтар баланың денсаулығына қауіпті екенін, иісті улы ауыр

Сондай-ақ, балалар еш жерде ойыншықтарын өндірушісін, қаптамада көрсетілген барлық мәліметтермен мұқият танысқан соң барып сатып алу қажеттігін алға тартады.

Кеден одағының 008/2011 "Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес ойыншық және оның құрамдас бөліктері, оның ішінде бекіткіштері, ойыншықты мақсаты бойынша пайдалану кезінде пайда болатын механикалық жүктемелерге төтеп беруі керек, бұл ретте ол бұзылмауы және тұтынушылық қасиеттерін сақтауы тиіс.

Жиектері, үшкір нүктелер, қатты бөлшектер, серіппелер, бекіткіштер, саңылаулар, бұрыштар, шығыңқы тұстары, баулары, арқандар... мұның бәрі балалардың қауіпсіздігі үшін ерекше көңіл бөлетін жайттар.

Ойыншықтардағы сұйық толтырғыштың ағып кетуіне жол берілмейді

Ойыншықтың қозғалатын бөліктері балалардың жарақат алу қаупін тудырмауы тиіс. Қозғалтқыш механизмдері балалардың қолы жетпейтін жерде болуы керек.

Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 415 бабына сәйкес, техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығарғаны үшін немесе техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау және (немесе) бағалау құжаттарынсыз өнімді айналымға шығарғаны үшін жеке тұлғаларға – 90 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 195 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуына апарып соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық – қызметін тоқтатуға, өнімді тәркілеуге дейін әкеліп, жеке тұлғаларға – 135 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 360 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға міндеттейді.

Зерттеу нәтижесіндегі материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

Контрафактімен, бұрмалаушылықпен және тауарлардың контрабандасымен күресуге әрбір азамат қатыса алады. Тұтынушылар тауардың заңдылығын тексеріп, сатушыдан тек фискалдық, кассалық және/немесе сату чегін ғана емес, сонымен қатар тауардың сәйкестік сертификатын/декларациясын да талап ете алады.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін тауарларға және тауарларды өндірушілер мен сатушыларға қатысты қабылданған шаралар туралы біздің жарияланымдарды оқып, танысып, бақылап жүріңіз.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: