Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда мерзімі өткен күнбағыс майы сатылады

Павлодарда мерзімі өткен күнбағыс майы сатылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 15:26 Сурет: pxhere
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық өкілі Павлодар облысында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында халық тұтынатын тауарларға жан-жақты зерттеулер жүргізу үшін өнім сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы зерттеу нысаны Татарстан Республикасы, ООО "Гудпродукт" шығарған "Гудпродукт" шыжыған майға қуыруға және қуыруға арналған күнбағыс майы болып табылды.

Күнбағыс майы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК зертханасына Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеулер жүргізу үшін жіберілді.

Павлодарда мерзімі өткен күнбағыс майы сатылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 15:26

Сурет: Жанна Биятан

Азық-түлік өнімдерінің сынамаларын сараптау хаттамасына сәйкес келесідегідей бұзушылықтар анықталды:

  • өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен,
  • мемлекеттік тілде ақпарат берілмеген.

Зерттеу материалдарының нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарды сатып алған тұтынушының құқығы

Тұтынушы өнімнің кемшіліктері салдарынан өз өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) толық өтеуге құқылы.

Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сатылған тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті (ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 30-бабы 1-1-тармағы).

Тұтынушылардың мәселелерін шешудің балама жолы – сауда нысанына жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарласу.

"Жоспардан тыс тексеру – жеке немесе заңды тұлғаның растайтын құжаттары бар өтініші түскен кезде ғана жүргізіледі. Растайтын құжат – фискалдық немесе сату түбіртегі болып табылады. Өтінішке мүмкіндігінше фото/бейнематериалдарды да қоса берген жөн".

Сатушылардың мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізгені үшін жауапкершілігі

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізгені үшін сатушы мемлекеттік бюджетке төмендегідей мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін:

  • 30 АЕК (103 500 теңге) – егер сатушы жеке тұлға болса;
  • 230 АЕК (793 500 теңге) – лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;
  • 310 АЕК (1 069 500 теңге) – орта бизнес үшін;
  • 1600 АЕК (5 520 000 теңге) – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

Сарапшы өнімнің таңбалануына назар аударуды ұсынады, онда келесідегідей ақпараттар:

  •  тамақ өнімінің атауы;
  • тамақ өнімдерінің құрамы;
  • тамақ өнімдерінің саны;
  • тамақ өнімдерін өндіру күні;
  • тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі;
  • өндіруші белгілеген немесе тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары. Онда қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін тамақ өнімдері үшін орамды ашқаннан кейінгі сақтау шарттары да көрсетіледі;
  • тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері (бұдан әрі – өндірушінің атауы және орналасқан
  • пайдалану бойынша ұсынымдар немесе шектеулер;
  • тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері; тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (бұдан әрі – ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;
  • Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі қамтылуы қажет.
  • Жоғарыда көрсетілген мәліметтер заңнамада тиісті талаптар болған жағдайда, орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде басылуы тиіс.
  • "Өнімнің қаптамасындағы нұсқаулар тек орыс тілінде көрсетілсе, заң бұзылады ма?" деген сұраққа "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы 21-бабының нормасымен жауап беруге болады".
  • Арнайы мәліметтері бар өнім затбелгілері (жапсырмалары), шетелде өндірілген тауарларға арналған нұсқаулықтар импорттаушы ұйымдар есебінен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен қамтамасыз етіледі деп көрсетілген.
"Мәліметтердің және көрнекі ақпараттардың барлық мәтіндері келесі ретпен орналасады: сол немесе жоғарғы жағында – мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменгі жағында – орыс тілінде, бірдей көлемдегі әріптермен жазылады. Қажет болған жағдайда егжей-тегжейлер мен көрнекі ақпарат мәтіндері басқа тілдерде қосымша берілуі мүмкін. Бұл ретте қаріп өлшемдері нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауы тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландырулар, жарнамалар мемлекеттік және орыс тілінде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде де беріледі", – деп қорытындылады тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы маман.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: