Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-дағы дүкен сөресінде таңбаланбаған кәмпиттер сатылады

ШҚО-дағы дүкен сөресінде таңбаланбаған кәмпиттер сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 17:45 Сурет: pxhere
"MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың өз құқықтарын жақсы түсінуге және қорғауға көмектесетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кәмпиттер қорабының мысалында ұйым өкілдері қаптамадағы таңбалауды мұқият зерделеудің маңыздылығын тағы да еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің құқыққорғаушылары тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруде маңызды элемент болып табылатын азық-түлік өнімдерінің қаптамасындағы таңбаламаны мұқият зерделеудің маңыздылығын тағы бір рет еске салды. Өйткені онда өнімнің атауы, оның құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да аспектілер туралы қажетті ақпарат болуы керек.

2024 жылдың шілде айында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып Шығыс Қазақстан облысының дүкенінен Өзбекстанда өндірілген "Assorted Chocolate Love for You" кәмпитін сатып алған. Өнімнің қауіпсіздігі мен қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ШҚО бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына жіберілді. (09.07.2024 ж. № 406, 12.07.2024 ж. № 42/14759 және 04.07.2024 ж. № 189/14796 ғылыми-зерттеу хаттамалары).

ШҚО-дағы дүкен сөресінде таңбаланбаған кәмпиттер сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 17:45

Сурет: Жанна Биятан

Зертханалық сынақтар Кеден одағының техникалық регламенттеріне (КО ТР) бірнеше маңызды сәйкессіздіктерді анықтады. Мысалы, КО "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" ТР сәйкес, қаптамадағы азық-түлік тауарлары орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде таңбалануы тиіс. Бұл талап өнімнің техникалық реттеу нысаны ретінде сәйкестендірілуін және жіктелуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Аталмыш ережені бұзу жоғары сапалы сараптама жүргізуге кедергі келтіріп, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені өнімнің белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін анықтау мүмкін болмайды.

Анықталған сәйкессіздіктер мен олардың ықтимал қауіптері төменде келтірілген:

  1. Өнім атауының, сондай-ақ өндірушінің атауы мен орналасқан жерінің қазақ және орыс тілдерінде болмауы: Қазақстан Республикасының заңнамасы шетелде өндірілген тауарлар туралы ақпараттың қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуын талап етеді. Бұл деректердің ресми тілдерде болмауы тұтынушылардың өнім туралы толық және түсінікті ақпарат алу құқығын бұзады, сонымен қатар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тексеруді қиындатады. Бұл сәйкессіздіктер технологияны бұза отырып немесе сапасыз ингредиенттерден жасалған өнімді сатып алу қаупін арттыруы мүмкін, ал мұндай жағдай денсаулық үшін қауіпті. Өндіруші туралы ақпарат көрсетілмегендіктен тұтынушы өнімге кімнің жауапты екенін білмей, шағым немесе арыз беруде қиындықтарға тап болады. Бұл тауарды қайтару немесе айырбастау және келтірілген шығынның орнын толтыру процесін қиындатады.
  2. Саны (салмағы) және тағамдық құндылығы туралы ақпараттың болмауы: Бұл ақпарат өнімнің тағамдық құндылығын және оның қауіпсіздігін бағалау үшін өте маңызды. Салмағы мен тағамдық құндылығына қатысты ақпараттарынсыз тұтынушылар өнімнің диеталық қажеттіліктеріне сәйкестігін дұрыс бағалай алмай, тауар бағасының көрсетілген мөлшерге қаншалықты сәйкес келетінін анықтауын қиындатады. Бұл сатып алу кезіндегі бюджетті жоспарлауға кедергі келтіріп, қаржының тиімсіз пайдаланылуына әкелуі мүмкін, өйткені тұтынушы өнім үшін артық төлеуі немесе өз шығындарын қате есептеуі хақ.
  3. КО-ға (ЕАО) мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының Бірыңғай таңбасының болмауы: Бұл белгі өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін және оның қауіпсіздігін растайды. Мұндай белгінің болмауы өнімнің қажетті сынақтан немесе сертификаттаудан өтпегенін көрсетуі мүмкін.
  4. Қаптама материалының сандық немесе әріптік белгісінің, сондай-ақ қаптаманың тағам өнімдерімен жанасуға арналғанын көрсететін белгілердің болмауы: Қаптаманың өнімге зиянды заттарды шығару қаупінің бары анық. Бұл тағамның ластануына және тұтынушылардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай ақпараттың болуы қаптаманы дұрыс тастау мен қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту үшін де қажет. Мұндай ақпараттардың көрсетілмеуі өнімнің қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға зиянсыздығына әсер етуі мүмкін.

Тұтынушыларға арналған жадынама

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, сіз тауарлар мен оларды өндірушілерге қатысты толық, шынайы ақпарат алуға құқығыңыз бар. Егер сәйкессіздіктер табылса, келесі ұсынымдарды пайдаланыңыз:

1. Қайда хабарласуға болады:

  • Сатушыға жазбаша шағым жазыңыз.
  • Жауап берілмесе немесе жауабы сізді қанағаттандырмаса жергілікті тұтынушылар құқықтарын қорғау органдарына немесе мамандандырылған реттеу органдарына хабарласыңыз.

2. Жауап беру мерзімдері:

  • Сатушы сіздің шағымыңызды алғаннан кейін 10 күн ішінде жауап беруі керек.

3. Келесі қадамдар:

  • Қанағаттанарлық жауап болмаса ісіңізді әрі қарай қарау үшін сотқа немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуға болады.

Бұл қадамдар сіздің өз құқығыңызды қорғауға және сапалы өнімдерді алуыңызға көмектеседі.

Материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "MOТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: