Жалған өнімнен қалай аулақ болуға болады - чек пен декларация талап етіңіз
Талаптарға сай, сол сияқты сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерге қатысты тұтынушылардың хабардарлығына баса назар аударылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан Павлодар қаласындағы бірнеше азық-түлік дүкендерінен төмендегі өнімдерді сатып алды:
№1 үлгі: ресейлік өндіруші "Евдаково" ЖШҚ шығарған лайм дәмі бар, авакадо майынан жасалған "De Oil" өсімдік майлы кремі.
Сурет: Жанна Биятан
№2 үлгі: ресейлік өндіруші "ТМ Агромастер" ЖШҚ-ның "Агро Мастер" палауға арналған күріші;
Сурет: Жанна Биятан
№3 үлгі: ресейлік өндіруші "Квантсервер" ЖШҚ-ның (атауы қате) Алтай сұлы үлпектері;
Сурет: Жанна Биятан
№4 үлгі: ресейлік өндіруші "Викинг" ЖШС шығарған балық бөліктерінің консервісі. Тынық мұхитының майшабағы. "Арнайы тұздықтағы" ащы-тұзды салмасындағы тілімдер.
Сурет: Жанна Биятан
Сатып алынған өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК санитарлық-гигиеналық зертханасына Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтауға кешенді зерттеулер жүргізу үшін ұсынылды.
№1 үлгі: ресейлік өндіруші "Евдаково" ЖШҚ шығарған лайм дәмі бар, авакадо майынан жасалған "De Oil" өсімдік майлы кремінен басқа үлгілердің бәрі де КО ТР талаптарына сәйкес келеді.
Зерттеу хаттамаларына сәйкес, "De Oil" өсімдік майлы кремі төмендегі микробиологиялық және химиялық талаптарға:
1) КО ТР 024/2011 Май және май өнімдерінің техникалық регламентіне;
2) КО ТР 021/2011 Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентіне сәйкес келеді.
Балық бөліктерінің консервісі. Тынық мұхитының майшабағы:
1) КО ТР 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентіне;
2) ЕАЭО ТР 040/2016 "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес келеді.
2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РО-24-03468/237 хаттамасымен "De Oil" өсімдік майлы кремінің қаптамасында мемлекеттік тілдегі мәліметтердің жоқтығы анықталды (Аталмыш баптың 4.1-бөлігі 1-тармағында көзделгеніндей, азық-түлік өнімінің қаптамасындағы таңбалама жазуы Кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасындағы тиісті талаптар болған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілі және орыс тілінде берілуі тиіс).
Қазақстанда шетелде өндірілген тауарлардың таңбаламасында қазақ және орыс тілдерін қолдану тек Заң талабы ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық азаматтары үшін қолжетімділік пен хабардарлықты қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады. Екі тілді таңбалама қазақ және орыс тілінде сөйлейтіндерге өнімнің құрамы мен сипаттамаларын оңай түсінуге көмектеседі. Бұл ұлттық стандарттарға сәйкестік тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды.
Сатушылар тауарларда қазақ тіліндегі ақпараттың жоқтығынан орыс тілін білмейтін адамдарға сапалы әрі қауіпсіз өнімді сатып алу қиынға соғатынын ұмытпауы керек.
Біздің мақсатымыз – шет тілінде басылған өнімдермен күресу емес, қауіпсіз әрі лайықты өнімдермен қамтамасыз ету, оның ішінде тек мемлекеттік тілді ғана білетін адамдар үшін. Көптеген азаматтар, әсіресе, жас ұрпақ, тарихи өлкеге қоныс аударған азаматтар, сондай-ақ Қазақстанда тұратын көптеген туристер тек мемлекеттік тілді ғана пайдаланады, – дейді құқыққорғаушы Жанна Биятан.
Сатушыларға арналған кеңестер!
Тұтынушыларға тауарларды өткізер алдында олардың алдында жауапты болу, өткізу алдындағы бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды сөрелерден алып тастау қажет.
Тұтынушыларға арналған кеңестер!
- Сатушылардан фискалдық түбіртектерді және сәйкестік туралы декларацияны міндетті түрде сұраңыз.
- Адал сатушы декларацияның не екенін біледі және оны тұтынушыға ұсына алады немесе тіркелген декларациялар тізілімінен көрсете алады.
- Сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында – Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінде, сондай-ақ қазақстандық реестрде дербес тексеруге болады – деп түсіндіреді Жанна Үрметханқызы.
- Сондай-ақ, тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары жоқ жеке тұлғалардан азық-түлік өнімдерін (жол бойында сату, дүкендердегі дүңгіршектерден сату және т.б.) сатып алудан аулақ болу керек, өйткені мұндай өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді.
"Біз өз кезегімізде әрқашан екі тараптың да: тұтынушылардың да, кәсіпкерлердің де мүддесі үшін әрекет етуге тырысамыз. Өнімнің дұрыс жəне анық таңбалануы түсініспеушіліктерді болдырмауға жəне өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, стандарттарды сақтауға қамқорлық таныту табысты бизнестің маңызды бөлігіне айналады. Ақпарат тұтынушылардың денсаулығын қорғаудың алғашқы қадамы болып табылады. Тауарлардың құрамы мен қасиеттері туралы білім тұтынушыларға саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біз бизнеске таңбалама және сәйкестік процестерін жақсарту бойынша ұсынымдар беруге әрқашан дайынбыз, бұл ақыр соңында нарықты барлығы үшін қауіпсіз және сенімдірек етеді", – деп қорытындылады сөзін сарапшы Жанна Биятан.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.