Маңғыстау облысында Батыс Қазақстандағы алғашқы ПЭТ/КТ орталығы ашылды

Маңғыстау облысында Батыс Қазақстандағы алғашқы ПЭТ/КТ орталығы ашылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 16:14 Сурет: Orhun Medical баспасөз қызметі
Ақтау қаласында Қазақстанның батыс өңіріндегі алғашқы позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Жаңа нысанды Orhun Medical компаниясы Маңғыстау облысы әкімдігінің және ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының қолдауымен жүзеге асырды.

Маңғыстау облысында Батыс Қазақстандағы алғашқы ПЭТ/КТ орталығы ашылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 16:14

Сурет: Orhun Medical баспасөз қызметі

Заманауи жабдық қатерлі ісік ауруларының түрі мен сатысын ерте кезеңде — дертті әлі тоқтатуға болатын шақта анықтап, растауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Маңғыстау мен көршілес облыстардың тұрғындары ПЭТ/КТ тексеруінен өту үшін Алматы немесе Астана қалаларына баруға мәжбүр болатын. Енді өз өңірінде қызмет ала алады.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталықтың ашылуын өңір үшін маңызды қадам деп атап өтті:

"Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша мән беріп отыр. Батыс Қазақстанда алғаш рет біздің облыста қатерлі ісік ауруларын ерте анықтайтын орталық ашылып отыр. Енді тұрғындарымыз алыстағы өңірлерге бармай, осында толыққанды тексеруден өте алады. Диагностика қаншалықты ерте қолжетімді болса, аурудың асқынған түрлерін анықтау көрсеткіші соншалықты төмен болады. Осыған орай біз жобаға қолдау көрсеткені үшін Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігіне алғысымызды білдіреміз".

Сурет: Orhun Medical баспасөз қызметі

Orhun Medical компаниясының бас директоры Гёненч Нихат Дирик өз сөзінде:

"Алматыдан радиофармацевтикалық препараттарды тұрақты жеткізуді ұйымдастыру үшін үлкен кешенді жұмыстар атқарылды. Болашақта Алматыда жаңа циклотрон іске қосылғаннан кейін біз жылына 5 мың зерттеуге дейінгі әлеуетті арттыра аламыз. Бұл біз үшін жай ғана жоба емес — бүкіл ел бойынша ПЭТ/КТ орталықтарының желісін құру бағдарламасының бастауы",- деді.

Сурет: Orhun Medical баспасөз қызметі

Chevron Direct Investment Fund-тың қайта инвестициялау жобаларының менеджері Джон Дорффелд:

"2023 жылдың соңында біз Orhun Medical компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы медициналық орталықтарды дамытуға 40 миллион доллар инвестиция салдық. Біз адамдардың өмір сапасын шынымен жақсартатын жобаларды қолдаймыз. Ақтау қаласындағы ПЭТ/КТ іске қосылуы — сондай шешімдердің бірі"- деп айтып кетті.

Сурет: Orhun Medical баспасөз қызметі

Жоба туралы фактілер:

  • Инвестиция көлемі: 1,3 млрд теңге
  • Қуаттылығы: жылына 3000 зерттеуге дейін
  • 25 жаңа жұмыс орны құрылды
  • Жабдық: United Imaging uMI 550

Серіктестік ақпарат 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: