Жаңалықтар тізбегі
0

Гранттар колледжге емес, студентке беріледі – Аймағамбетов

студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 11:52 Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл қандай мамандықтарға қанша грант бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоғары білімге қолжетімділік бойынша кейінгі жылдары грант саны екі есе өсті. Биыл 73 мың грант қарастырылған. Шәкіртақы мөлшері де екі есе өсті. ҰБТ цифрлық форматқа көшірілді. Енді жылына төрт рет ҰБТ тапсыруға болады. Бұл біздің балаларымыз үшін өте жақсы. Шілдеде тапсыра алмаса, енді қаңтар айынан бастап ҰБТ тапсыруға болады. Бұл жастарымыздың шетелге кетуінің алдын алатын оң шешімдердің бірі деп айта аламыз. Педагогикалық бағыттар бойынша шекті балл 75-ке, медицина мамандығына 70 балға және заң мамандықтары бойынша 75 балға дейін көтерілді.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрлігінің басшысы президенттің тапсырмасы бойынша техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттардың үлесі 60%-ға дейін ұлғайғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар министр колледждерге берілетін гранттар саны да жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Биыл колледждердегі грант саны рекордтық көрсеткішке – 31 мың грантқа дейін өсіп отыр. Негізгі гранттар техникалық мамандықтарға беріледі. Сонымен қатар емтихандар алынып тасталды және халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін арнайы квота енгізілді. Гранттар әр колледжге берілмейді, яғни белгілі бір студент грант ұтып алады және ол белгілі бір колледжді таңдайды. Қаржы олар таңдаған колледжге түседі. Бұл колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ең бастысы – еңбек нарығының сұранысына сай болу.Асхат Аймағамбетов

Білім министрлігінің басшысы бұрын дәл осы жүйе қалай болғанын да айтып берді.

Қандай пәндер берілуі керек, мазмұны қандай болуы керек – мұның барлығын министрлік реттеп отырды. Өздеріңіз білетіндей, үнемі өзгеріп отыратын еңбек нарығының сұранысына білім беру бағдарламалары сәйкес келмейтін. Білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу өте ұзақ бюрократиялық процедура болды. Сондықтан колледждерге академиялық еркіндік беріліп отыр.Асхат Аймағамбетов

Осылайша министрдің айтуынша, білім беру бағдарламаларын реттеуге мемлекет емес, оқу орындары жұмыс берушілермен бірге мүмкіндік алды.

Білім министрлігінің басшысы жоғары оқу орындарына да академиялық тәуелсіздік берілетінін түсіндірді.

4 мыңнан астам бағдарлама жаңартылды. Бұл көбіне жасанды интеллект, IT бойынша. Бүгінде университеттер 269 жаңа бағдарламаны енгізді. Колледждерге де осындай мүмкіндіктер беріліп отыр. Колледждер 2,5 жылда практик мамандарды оқытып шығуға болады. Олар жұмысқа орналасып, қажет болған жағдайда білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады.Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: