Жаңалықтар тізбегі
0

6 айда Қазақстанның 204 оқушысы халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды

халықаралық олимпиада қатысушылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 14:29 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Жас дарындар ел қоржынына 26 алтын, 56 күміс, 122 қола медаль әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері 204 қазақстандық оқушы негізгі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды. Олар:

  • математикадан қашықтан өткен халықаралық Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы,

  • математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы,

  • математикадан Балқан олимпиадасы, химиядан оқушылар арасындағы халықаралық Менделеев олимпиадасы,

  • физикадан Азия олимпиадасы (APhO),

  • мамандандырылған мектептердің оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы сияқты беделді құрлықтық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғады.

Халықаралық пәндік олимпиадаларға 500-ден астам оқушымыз қатысып, оның 200-ден астамы медаль жеңіп алды. Бұл әр екінші оқушымыз медаль жеңіп алғанын білдіреді. Біздің балаларымыз жүзден астам елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, үздік нәтиже көрсетті. Олар ұлттық құрамаға еніп, IMO, IPhO, IBO, IOL, IchO және тағы басқа да халықаралық олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады. Қазір балаларымыз ең беделді пәндік олимпиадаларға қатысып жатыр. Оқушыларымыз осы олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болса, ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық университеттерде оқу үшін гранттарға ие болады, – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары қазақстандық ЖОО-да білім алу үшін ақшалай сыйлықтар мен гранттарға ие болады. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Сонымен қатар оқушыларды байқауға дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы төленеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: