Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингіге бағынышты ұйымдар жұмысынан заң бұзушылықтар анықталды

Бәйтерек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 18:07 Сурет: Instagram/baiterekgovkz
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) "Бәйтерек" холдингінің ведомстволық бағынышты ұйымдарынан заң бұзушылық белгілерін анықтады. Ол, негізінен, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "KazakhExport" АҚ әрекеттеріне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) ірі инфрақұрылымдық жобаларға жеңілдікпен кредит беруді жүзеге асырады.

Банктегі ішкі құжаттаманы зерделеу барысында ҚДБ-ның қаржы құралдарына бұрын қол жеткізген қарыз алушылар үшін негізсіз бәсекелестік артықшылықтар жасайтын ережелер анықталды. Атап айтқанда, қарыз алушылардың осы санаты үшін банктік сараптама рәсімдерінен өтпей-ақ қосымша қаржыландыру алуға жол берілген.

Сонымен қатар, ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржыландырудың бекітілген, теңдестірілген схемаларының болуына қарамастан (50% бюджеттік қарыз, 50% өзге де көздер) Банктің жекелеген жобалары бюджет қаражаты есебінен толық кредиттелген, ал басқалары тең емес пропорцияда не 100%-ға басқа көздерден тартылған. Бұл әрекеттер қарыз алушылардың соңғы пайыздық мөлшерлемеге әсер етіп, соңғы алушылар үшін қолдау шараларына қол жеткізудің теңсіз шарттарына алып келген.

Сонымен қатар, аталған банк қызметіндегі қолдау шараларын алуға өтінімдерді басымдықпен, жеделдетіп қарастыруы фаворитизм көріністерін айшықтайды. Мысалы, жекелеген жобалар келіп түскен сәттен бастап бекітілген 70 күнтізбелік күннің орнына келісімдер 2-3 тәулік ішінде берілген, ал басқа жобалардың пысықтау мерзімі бұзылып, 300 күннен асып кетіп отырған.

"KazakhExport" АҚ қызметін талдау барысында мемлекеттік қолдау шараларын алушыларға қарсы міндеттемелерді белгілеу кезінде барлығына бірдей тең емес жағдайлар жасау белгілері анықталды.Жоғарыда аталған фактілер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары рәсімінде операторлар атына ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар енгізілді. Бұдан басқа, болашақта осындай фактілерге жол бермеу мақсатында "Бәйтерек" холдингінің атына бұзушылықтар белгілерін және оларға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы нұсқама енгізілді.

Монополияға қарсы органның хабарламасын операторлар алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы тиіс. Хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, БҚДА әрбір факт бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: