АШМ ақбөкендердің егістікті талқандағаны үшін өтемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді
Ербол Қарашөкеев ақбөкендердің көші-қон және субсидиялар төлеу, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге келтірілген залалды қалпына келтіру мәселесі Қазақстанда бірінші рет көтеріліп отырмағанын айтты.
"Біз жиі кездесулер өткізіп, өңірлерде боламыз. Біз бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатынбыз. Біз бұл процедураны мемлекеттік деңгейде талқылап, арнайы нормативтер әзірлеп, осы мәселемен айналысу керек деп санаймыз", - деді ол.
АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов бұл мәселеге қатысты жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алғашқы екі бағыт Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бекітілген.
"Арнайы шақырылған сарапшылар жұмыс істейтін болады. Оның қорытындысы бойынша келесі айдың басында ұсыныстарды іске асыру және мәселені шешу бойынша арнайы жоспар қабылданады деп отырмыз. Біріншіден: көші-қонды ауылшаруашылық дақылдары мен мал жайылатын жайылымдық жерлерден өтпеу үшін қалай өзгертуге болады. Сондай-ақ, сарапшылар ақбөкен етін өнеркәсіпте пайдалануды ұсынады. Бұл біздің құзыретімізге жатпайды. Сондықтан оған түсініктеме бере алмаймыз", - деді ол.
Сонымен қатар, өтемақы мәселесін шешу мен он төлеу үшін тиісті құзырет қажет.
"Заңнамалық процесс өте ұзақ уақытты алады. Біз қазір сол белгілі бір рәсімдерден өтіп жатырмыз. Біріншіден, біз ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, өтемақы әдістемесін әзірледік. Қазіргі уақытта уәкілетті органды бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде, не бұл жергілікті атқарушы органдар, не Ауылшаруашылығы министрлігі болады, яғни залалды төлеу бойынша", - деп сөзін түйіндеді спикер.
24 ақпанда Қазақстан фермерлері егістікке қырғидай тиетін ақбөкендер мәселесін шешуді сұрады.
Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер саны екі есеге өсті. Бұл шөп жетіспей қалады ма деген фермерлерді алаңдатады.