Жаңалықтар тізбегі
0

ҰЭМ басшысы аутсайдер атанған өңір әкімдері қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты

Инвестиция тарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 19:33 Сурет: ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат дәлізінде жеткілікті деңгейде инвестиция тарта алмаған Ұлытау және Жамбыл облыстарының әкімдеріне қандай жауапкершілік қарастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Ұлытау және Жамбыл облыстары инвестиция тарту бойынша аутсайдер дегенін еске салды. Осыған байланысты олар аутсайдер-өңірлердің әкімдері қандай жауапкершілікке тартылатынын сұрады.

Әлібек Қуантыров мұндай ақпарат цифрлық кеңседе өткізілген инвестициялық штабта айтылғанын растады.

"Біз өңірлердің қалай инвестиция тартатынын қарастырдық, тек шетелдің ғана емес, ұлттық инвестицияларды да. Жоспарға сәйкес, биыл шамамен 18,5 триллион теңге тарту міндеті тұрғандықтан, біз индикаторды салалар бойынша саралап, өңірлерге шақтық. Жоспарда төрт айға белгіленген индикаторға, кейбір аймақтарда  52% қол жеткізілген. 60%-ға дейін - бұл қызыл аймаққа түсетін өңірлер", - деп түсіндірді Қуантыров.

Оның айтуынша, олар жыл соңына дейін бұл жұмысты күшейтіп, осы жағдайды түзетуі керек.

"Егер олар белгіленген көрсеткіштерді игермесе, тиісінше олар, қызметкерлері белгілі бір тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Заңнамада бізде жауапкершілік жағы қарастырылған, атап айтқанда, бұл тәртіптік болып келеді, егер мемлекеттік қызметкер, әкім кураторы өзінің мақсатты немесе басқа да индикаторын орындамаса, онда ол жауапкершілікке тартылуы, ескерту алуы мүмкін, теориялық тұрғыдан солай. Бірақ лауазымынан айыру екіталай, лауазымынан айыру, әдетте, өрескел бұзушылықтарда болады. Ал егер мемлекеттік қызметкер ескерту алып, онысына жарты жыл өтпесе, мәселен арада тек үш ай өтсе, онда қызметінен алу мәселесі қарастырылуы мүмкін", - деп сөзін түйіндеді ҰЭМ басшысы.

29 мамырда Премьер-министр төрт айдың қорытындысы бойынша 8 өңір инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізбегенін атап өтті. Оның айтуынша, аутсайдерлер қатарынла Ұлытау (52%), Абай (64%) және Жамбыл (65%) облыстары бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: