Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңгеден аса кіріс түскен

Мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңгеден аса кіріс түскен, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 10:57 Сурет: pexels
Мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңгеден аса кіріс түсіп, жоспар 97,2% орындалған. Ал республикалық бюджетке 8,3 трлн теңге түсті. Жоспар 89,1% орындалды. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салықтар бойынша жоспардың орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы,пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық импортқа салынатын қосылған құн салығы есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 306 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 26%-ке азаюымен байланысты.

"Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ке төмендеуімен байланысты болды. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа есеппен 15%-ке төмендеуі әсер етті", - делінген министр баяндамасында.

Импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмау себебі:

  • тауарлардың жекелеген топтары бойынша импорт көлемінің төмендеуі;
  • Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт көлемінің 10%-ке азаюы болып табылады.

Кірістер

Жергілікті бюджеттердің кірістері 118,5%-ке атқарылды және 4,2 трлн теңге болды. Жоспар 659 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 610 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды.

Шығыстар

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн. теңгеге шығыстар жүргізілді.

  • Атқарылмау 107 млрд. теңгені құрады, оның ішінде
  • үнемдеу – 21 млрд. теңге құрады.
  • Игерілмегені – 86 млрд. теңге.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары.


"Жергілікті бюджеттердің шығысы 7,7 трлн теңге болды. Атқарылмағаны - 131 млрд. теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8%-і игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу: Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты".Ерұлан Жамаубаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: