Жаңалықтар тізбегі
0

Халықтың шамадан тыс қарызға кіруін реттеу үшін қандай шара қабылданды

Халықтың шамадан тыс қарызға кіруін реттеу үшін қандай шара қабылданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 12:42 Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықтың шамадан тыс қарыз алуына қатысты шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің баяндауынша, республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр. Жобалық офистердің негізгі міндеті – кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылай алаяқтықтан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.

"Әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажет ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады. Жобаның тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Жалпы халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету кешенді шараларды көздейді. Әсіресе банктер мен микроқаржылық ұйымдардың пруденциалдық реттеуін қайта қарауды талап етеді. Бұл тұрғыда қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр". Қаржы министрі

Атап айтқанда, түзетулер топтамасы:

  • халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге;
  • алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылай қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға;
  • және банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, сонымен қатар кепілсіз онлайн-кредиттеу сегментінде тәуекелдерді азайту мәселелері қарастырылып жатыр.

"Үкімет Қаржы қадағалау агенттігінің халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге бағытталған барлық ұсынысын қолдайды. Аталған проблемаларды шешу тетіктерінің бірі – жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану. Қазір тиісті заң нормалары күшіне еніп, жұмыс істеліп жатыр. Оның ішінде неғұрлым сұранысқа ие болып отырғаны – соттан тыс банкроттық рәсімі. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады". Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Азаматтар өтініштерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталы арқылы (eGov.kz.), Е-salyq Аzamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы бере алады. Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша "Qoldau" деп аталатын жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Бұл ақпараттық жүйе арқылы өтініш беру мүмкіндігін және өтініш берушінің тиісті критерийлерге сәйкестігін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы автоматты түрде тексеруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: