Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық министрліктер мен әкімдіктер миллиардтаған қаржыны игеріп үлгермеді

Үкімет, экномика, бюджет, игерілмеген қаржы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 17:29 Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 12 желтоқсанда өткен үкімет отырысында қандай министрліктер мен әкімдіктер миллиардтаған бюджетті игеріп үлгермегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев жергілікті бюджет кірісі 109,2 пайызға орындалып, 5,7 трлн теңге болғанын мәлім етті. Жоспар 478 млрд теңгеге, оның ішінде салық 425 млрд теңгеге артық орындалды.

"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,5%-ға, республикалық 98,3%-ға, жергілікті бюджеттер 95,6%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша шығыс 20 трлн теңге болды. Орындалмағаны 336 млрд теңге. Оның 29 млрд теңгесі – үнемделгені. 307 млрд теңгесі игерілмеді", – деді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, ең көп соманы мына министрліктер игермеген:

  • ішкі істер;
  • өнеркәсіп және құрылыс;
  • төтенше жағдайлар;
  • мәдениет және ақпарат.
"Жергілікті бюджет шығыстары 12 трлн теңге болды. Орындалмаған – 531 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферттер қарастырылған. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша оларға 1 триллион 752 миллиард теңге бөлінді. Оның 89,8 пайызы игерілді. 179 млрд теңге орындалмаған, оның ішінде үнемделгені – 3 млрд теңге, игерілмеген – 176 млрд теңге. Ең көп игермеген Астана қаласында, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды", – деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Бұл ретте премьер-министр Әлихан Смайылов жыл соңына дейін екі апта уақыт қалғанын еске салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: