Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Гонконг сауда ынтымақтастығын арттырмақ

Кездесу, Қазақстан, Гонконг, сауда ынтымақтастығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 21:33 Сурет: gov.kz
Кездесуде министр Арман Шакқалиев пен Гонконгтың АӘА басшысы Джон Ли сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтудің ықтимал нұсқаларын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қытаймен қарым-қатынасты дамыту - Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі. Біз стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда Гонконгпен ынтымақтастықты дамытуға ерекше зейін қоямыз. Қазақстан экономикасына, оның ішінде жаңа технологиялар, жасыл энергетика, IT, жаңа өндірістерді іске қосу салаларына инвестиция салу үшін бізде барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстан органикалық таза өнім өндірудің үлкен әлеуетіне ие және біз Гонконг нарығына ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін жеткізуге мүдделіміз", - деді Арман Шакқалиев кездесуде.

Гонконг - электрондық коммерцияның ең үлкен нарығы. Сауда министрі атап өткендей, Қазақстан жаһандық маркетплейстер арқылы дайын өнім экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

"Халықаралық сауда платформасында 5 000-нан астам қазақстандық тауарлар орналастырылған Alibaba.com Ұлттық павильонын ашудың оңтайлы тәжірибеміз бар. Соңғы 3 жылда платформада сатылым 225 млн доллардан асты. Сонымен қатар, мамыр айында JD.com электрондық платформасында Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды. Қазір біз Genertec, Huawei, XingXing сияқты ірі бизнес иелерімен электрондық коммерция саласында белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сіздерді осы бағыттағы ынтымақтастыққа шақырамыз", - деді министр.

Туризмді жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей авиарейстерді жаңартуды және Қазақстан мен Гонконг арасындағы визасыз режимді 14 күннен бір айға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Арман Шәкқалиев Қазақстан Үкіметі атынан Джон Лиді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Гонконг - әлемдегі ірі қаржылық және логистикалық хабтардың бірі. Мұнда 8978 аймақтық штаб-пәтер мен шетелдік компаниялардың өкілдіктері ұсынылған, олардың көпшілігі ең алдымен материктік Қытаймен бизнес жүргізуге бағытталған. Гонконгта 182 қаржы-банк институты және 42 шетелдік банк өкілдігі тіркелген, бұл оның АТР-дағы ең маңызды банк және қаржы хабы ретіндегі мәртебесін растайды. Гонконг валюта нарығы өзінің ауқымы бойынша Азиядағы екінші және әлемдегі төртінші болып табылады, валюталық транзакциялардың күнделікті айналымы орташа есеппен $632,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Гонконгтың қор нарығы нарықтық капиталдандыру көлемі бойынша Азияда 6-шы және әлемде 4,1 трлн. АҚШ доллары деңгейінде 9-шы орында. Гонконг биржасында барлығы 2601-ден астам компания листингке ие.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Гонконгтан $96,2 млн сомасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (2021 жылмен салыстырғандағы өсім 8,4%, $88,8 млн).

2023 жылдың 1 тамызында 119 бірлескен және 100 гонконгтық капиталымен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелді.

Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 45,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,7%-ға жоғары (28,7 млн. АҚШ доллары). Қазақстаннан Гонконгқа экспорт көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 31%-ға өсіп, 26,7 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 51,8 млн. АҚШ доллары болады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91% - ға жоғары (27,1 млн. АҚШ доллары).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: