Қазақстанда банктерге екі түрлі лицензия енгізіледі

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 16:25 Фото: pexels
2025 жылғы 15 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова банк қызметі туралы заң жобасын қарау барысында елімізде енгізілетін банктік лицензиялардың екі түрі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Оның айтуынша, Ресей, Литва, Сингапур және АҚШ сияқты бірқатар елдерде шағын банктер үшін жеке базалық лицензия қарастырылған.

"Еуропалық Одақта, Ұлыбританияда, Швеция мен Жапонияда бірыңғай лицензия шеңберінде пропорционалды талаптар көзделген. Осы халықаралық тәжірибені ескере отырып, заң жобасында Қазақстанда банктерге арналған екі түрлі лицензияны – базалық және әмбебап лицензияны – енгізу ұсынылады", – деді Әбілқасымова.

Оның айтуынша, базалық лицензия мен әмбебап лицензия рұқсат етілген операциялар көлемі мен реттеушілік талаптар деңгейі бойынша ерекшеленеді. Базалық банктік лицензия үшін активтердің ең жоғары мөлшері мен меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне шектеулер қойылады. Бұл көрсеткіштердің нақты шектері қосымша заңнамалық актілерде айқындалады.

"Қазіргі кезеңде активтер мөлшерін 500 млрд теңгемен шектеу және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін 10 млрд теңгеден кем емес деңгейде белгілеу жоспарланып отыр. Базалық лицензиясы бар банктерге резидент еместер мен аффилиирленген тұлғаларды несиелеуге тыйым салынады. Бұл шағын банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар көрсеткіштер бойынша пруденциялық нормативтер мен қадағалау талаптары жеңілдетілген түрде белгіленетін болады", – деп толықтырды агенттік төрағасы.

Бұған дейін мемлекет проблемалық банктерге көмекті азайтпақ екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: