Жаңалықтар тізбегі
0

Президентке халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу шаралары жөнінде ақпарат берілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 17:52 Сурет: akorda.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президентке биыл 11 айда қаржы нарығын дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу жөнінде атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына биылғы күрделі макроэкономикалық жағдайларға қарамастан банк секторының тұрақтылығы мен орнықтылығы қамтамасыз етілгені жөнінде баяндалды, деп мәлімдеді Ақорданың ресми сайты.


Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, банктердің активтері жыл басынан бері 14,4 пайызға өсіп, 43,1 триллион теңгеге жеткен. Халықтың салымдары 16,8 пайызға немесе 15,7 триллион теңгеге дейін көбейген. 

Сонымен қатар экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру мақсатында Агенттік капитал босатуға және өтімділікке қатысты реттеу шараларын қабылдап, кепілзат саясатына қойылатын талаптарды жеңілдетті. Нәтижесінде экономиканы кредиттеу көрсеткіші жыл басынан бері 20,1 пайызға немесе 22,2 триллион теңгеге дейін артты. Оның ішінде бизнесті кредиттеу көлемі 7,3 пайызға немесе 8,3 триллион теңгеге дейін өскен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кредиттеу көрсеткіші 8,6 пайызға немесе 4,9 триллион теңгеге дейін ұлғайған.

Президентке халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу шаралары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп, борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі қатаңдатылды. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚО) проблемалық кредиттермен жұмыс істеу жөніндегі жеке жоспарлары қабылданды. Жалпы микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың қызметіне қойылатын талап күшейді. Биыл 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды.

Агенттік төрағасының мәліметінше, сақтандыру нарығында жаңа әлеуметтік сақтандыру өнімдері енгізіліп, сақтандыру қызметтерін цифрландыру үшін жағдай жасалған. Қор нарығында жеке санаттағы инвесторларды қорғау шаралары күшейтілді. Олардың саны екі жылда 4 есе артып, 526 мыңға жеткен. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу ісін одан әрі дамытуға және осы салада тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: