Әбілқасымова: Төлем қабілеті төмен тұлғаларға несие беру шектеледі
Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында өзі басқаратын агенттіктің алдағы жұмыстары жайлы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz
Оның айтуынша, агенттік елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты екінші деңгейлі банк жұмысы қалыпқа келтіріліп жатыр.
Мемлекет басшысының тұтынушылық кредиттерді реттеу бойынша нақты әрі шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін агенттік мынадай шараларды жүзеге асырады. Біріншіден, төлем қабілеті төмен тұлғаларға тұтынушылық несие беру шектеледі. Екіншіден, жеке тұлғалардың банкроттығы тетігі шеңберінде жеке тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кредиті, оның ішінде коллекторлық берешегі жөнінде қосымша шаралар қабылданады. Үшіншіден, жеке тұлғаларға берілетін несиенің пайыздық ставкалары реттеледі.ҚР ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова
Сонымен қатар, М. Әбілқасымова банк секторындағы ахуал тұрақты екенін, әрі ондағы қор да жеткілікті екенін баса айтты.
Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және халықпен бизнес үшін банктік қызметтерді толықтай көрсету үшін банктердің меншікті капиталы мен өтімділігінің айтарлықтай қоры бар. Банк капиталы ең төмен жеткіліктілігі талаптарынан үш есе көп.ҚР ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова
ҚР ҚНРДА төрайымы төтенше жағдай кезінде несиенің төлем мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар қосылмайтынын атап өтті.
Халыққа және бизнеске қолдау көрсету үшін биыл 10 қаңтарда төтенше жағдайдың енгізілуі кезінде агенттік зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі бойынша бұйрық қабылдады. ТЖ кезінде кредиттер бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсім есептеуге тыйым енгізілді.ҚР ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript