ҚР Ұлттық банкі қайта құрылымдалады

total.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 16:51 total.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлек құрылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта құрылымдалады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына, яғни 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Заңға сәйкес, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп алып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган - ҚР Ұлттық банкін қайта құру туралы шешім қабылдады, - делінген Жарлықта.

Агенттік берілген функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес ҚР Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттерін мұра етуші ретінде анықталды. Агенттіктегі штат саны - 547.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді. Тек Жарлықтағы 2, 3-тармақтары және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін, бірақ ҚР Президенті әлі кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізуі тиіс 2-тармағын қоспағанда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: