Энергетика вице-министрі жаңадан тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 29 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды".
Қайырхан Тұтқышбаев 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы "Орталық Азия тау-кен одағы" ҚБ-да бастаған.
- 2011–2014 жылдары — "Degdar Engineering" ЖШС тау-кен жұмысын және тау-кен жабдығын жобалау бөлімінің инженері.
- Әр жылдары Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директоры қызметін атқарды.
- 2022–2023 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2023–2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2023–2024 жылдары — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2024 жылы — "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және дамыту жөніндегі басқарушы директоры.
- 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Graphite minerals" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министр Жұлдыз Сүлейменованы қабылдағаны белгілі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript