Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 29 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетсек, 2025 жылғы 29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты. Ал оның орнын Жұлдыз Сүлейменова басты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript