Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 09:41 Сурет: wikimedia
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Оқу-ағарту министрі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, лауазымға Жұлдыз Сүлейменова келді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Жұлдыз Сүлейменова - 1983 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • 2000-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультеті, "Тарих" мамандығы бойынша бакалавриат;
  • 2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, "Мәдениеттану" мамандығы бойынша докторантура;
  • 2008-2011 жж. ҚазҰУ докторантурасын "Философия және саясаттану" мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы "Мәдениеттану" мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.

Еңбек өтілімі:

  • 2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды.
  • 2004-2006 жылдары — Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
  • 2006-2007 жылдары — "Отан" Республикалық саяси партиясы филиалының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болды.
  • 2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды.
  • 2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды.
  • 2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды.
  • 2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды.
  • 2012-2014 жылдары — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды.
  • 2014-2017 жылдары — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды.
  • 2017-2019 жылдары — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Даму департаментінің директоры болды.
  • 2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" директоры болды.
  • 2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін — "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі. 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Ұлттық Құрылтайға мүше болды.
  • 2023 жылдың 29 наурызынан бастап — "Аманат" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.

Бұған дейін Ғани Бейсембаевтың министрліктен кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: