Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу-ағарту министрі қайта тағайындалды

Ғани Бейсембаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 19:08 Сурет: primeminister.kz
Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

1995-1997 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры.

1997-2000 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 

2000-2001 жылдары Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.

2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы» ЖШС директоры болып жұмыс істеген. 

2006-2007 жылдары – Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры.

2007-2020 жылдары – «Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 

2020 жылы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған. 

2020-2022 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.

2022 жылғы наурыз бен тамыз айлары аралығында – білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыздан бастап – оқу-ағарту вице-министрі.

ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: