Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу-ағарту министрлігінде тағы бір кадрлық өзгеріс орын алды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 18:59 Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан 2022 жылдың наурызына дейін Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

2022 жылы 18 наурызда ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалған.

Айта кетсек, бұдан бұрын Шолпан Каринова ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып, ал Айбат Ілиясов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалғаны хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: