Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 18:32 Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электронигі, бас маманы болып қызмет еткен.

2008 жылдан 2009 жылға дейін «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болды.

2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры болған.

2022 жылғы ақпаннан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып қызмет етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: