Айбат Ілиясов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 12:44 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

2006-2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электроник, бас маман болып жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас маманы.

2009-2012 жылдары - Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде бас консультант, сектор меңгерушісі, бас сарапшы, м.а. Әділет министрлігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы.

2013 жылғы наурыздан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: