Асхат Хасенов энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.
2006-2010 жылдары — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.
2010-2011 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы.
2011-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.
2014-2019 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.