Жаңалықтар тізбегі
0

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымында қалды

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымында қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:20 Сурет: primeminister.kz
Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

Еңбек өтілі:

  • 1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
  • 1995-1997 жылдары Алматы облысы Іле ауданының №12 орта мектебінің директоры лауазымын атқарған.
  • 1997-2000 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы болған.
  • 2000 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.
  • 2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген.
  • 2006-2020 жылдары «EDTECN» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры лауазымын атқарған.
  • 2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.
  • 2020-2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті лауазымын атқарған.
  • 2022 жылғы наурыздан тамызға дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі.
  • 2022 жылғы тамыздан бастап ҚР Оқу-ағарту вице-министрі.
  • 2023 жылғы қаңтардан бастап ҚР Оқу-ағарту министрі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: